СПОРТ ӘЛЕМІН ӨЗГЕРТКЕН ӘЙЕЛДЕР
Бір заманда әйелдерге тіпті доп тебуге рұқсат болмаған. Бұл ер балалардың ермегі, ал қыздарға эстетикалық тұрғыда ерсі көрінеді деп саналды. Қыздар тек қуыршақпен ойнап, тоқыма тоқумен айналысуы керек деген шектеулер мен қоғамның қалыптасқан көзқарастары талай қыз баласының бойындағы потенциалын ашуына мүмкіндік бермеді.
Бірақ қазіргі жағдай әлдеқайда жақсырақ. Бүгінде қыз бала да, ұл бала да спорт үйірмелеріне теңдей қатысып, өз орнын таба алады. Дегенмен, әлі күнге дейін стереотиптер мен дұрыс емес түсініктер жеткілікті. Қоғамның көзқарасымен күресіп, спорт әлеміне әйелдерге де жол ашу үшін талай нәзік жандылар бала кезінен бастап еңбек етіп, үміттен қол үзбей, күресе білді. Олар спорттың тек ерлерге ғана...
