Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Абай облысында Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысы өтті

0
Семейде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының "Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір" тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті.
Шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Атомдық энергия агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, ҚР ҰҒА академиктері, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ түрлі салалардағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ұлттық ғылым академиясы Президиумы көшпелі отырысының облыста өткізілуі өңірде ғылымның дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

"Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір" тұжырымы – Президент айқындаған тарихи жауапкершілікті сезініп, болашаққа нық бағдар беретін кемел көзқарастың көрінісі. Әрине, Абай облысындағы ғылым туралы сөз болғанда ойға бірден еліміздің ғылым саласындағы ерекше орны бар, тарихи маңызы зор Курчатов қаласы оралады. Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Курчатов қаласының тиісті тәжірибесі мен дәстүрі онда ғылыми қалашық салуға мүмкіндік беретінін айтты. Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндағы Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркі ядролық медицина орталығымен ынтымақтастықты қоса алғанда, әлемдік жобаларды әзірлеуге арналған таптырмас алаң екені даусыз", - деді облыс әкімі.


Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев отырыста Абай облысының ғылыми әлеуеті зор, облыста дәстүрлі агроөнеркәсіптік кешен мен туризмнен басқа ядролық энергетиканы дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.

"Курчатов қаласындағы бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында орналасқан, Кеңес Одағы кезінде құрылған, әлемге әйгілі Ядролық зерттеулер жөніндегі бірегей ғылыми-эксперименттік инфрақұрылым бүгінде аса құнды ғылыми база болып табылады. Сонымен қатар, бірқатар көрсеткіштер бойынша ондағы зертханаларының әлемде баламасы жоқ. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға да мүмкіндігі жеткілікті. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің су ресурстарын барынша пайдалану есебінен аймақта суармалы егіншілікті кеңінен өркендетуге болады", - деді ол.

Отырыста Мемлекеттік сыйлықтың иегері, биология ғылымдарының докторы Аманкелді Саданов, профессор Бақдәулет Кенжалиев, Фараби Ермеков секілді ғалымдар сөз сөйлеп, облыстың ауыл шаруашылығы, өндіріс, экология салаларында қолдануға болатын жобаларын таныстырды.
Суреттер: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі отырыста ғалымдар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы өңір үшін өзекті екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығына арналған отандық препараттар біздің өңірімізге өте қажет. Оның үстіне Семейдің іргесінде инвесторлор есебінен ірі ет комбинатын салу жұмыстары басталды. Облысымызда мал саны өте көп. Бір ғана Саржал ауылында 22 мың бас жылқы бар. Бүгін сіздер көрсеткен өнімдерді облысымыздағы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға ұсынатын боламыз. Бақдәулет Кенжалиевтің кен орындарына қатысты айтқан, Фараби Ермековтің ауқымды деректерді өңдеу орталығын құру жөніндегі ұсыныстары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз", - деді аймақ басшысы.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России