Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Сайран көлінің көрікті ортасы – ортақ жауапкершілік

0

Сайран аумағында қоғамдық кеңістікті ластаушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында полиция қызметкерлері мен еріктілерден құралған мониторингтік топтың қатысуымен рейд ұйымдастырылды.
Бұл шара өткен демалыс күндері ұйымдастырылған сенбіліктен кейін қолға алынды. Еріктілер мен эко-белсенділер аумақты тазалап болғаннан кейін де аумаққа келген кейбір азаматтар қоқысты бейберекет тастағаны анықтаған.

Сайран су қоймасының айналасы кезең-кезеңімен абаттандырылып жатыр. Көл жағалауы бүгінде қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды. Айта кету керек, Сайран жағасына демалуға күніне шамамен 4 000 адам келеді.

Жайлы әрі мәдени орта қалыптастыру мақсатында Сайран жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша күнделікті тексерістер жүргізілетін болады. Қазіргі таңда абаттандырылған аумақта 124 қоқыс жәшігі мен бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ Сайран аумағында күн сайын 40 коммуналдық қызметкер жұмыс істейді. Олар тәулігіне орта есеппен 5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарады.

Алмалы ауданының ПД өкілі Сағитолла Сиясханов тұрғындарға келесідей үндеу жасады:

"Құрметті алматылықтар және қаламыздың қонақтары! Сайран көлінің жағажайына демалуға келген барлық азаматтарды қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес ескерту алған немесе құқық бұзған тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жағажай аумағында сағат 22:00-ден кейін қатты дауыста музыка қосуға және шулауға қатаң тыйым салынады", - деді полиция өкілі.

Бұған қоса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық орындарда самокатпен, велосипедпен жүруге және үй жануарларымен серуендеуге болмайтынын түсіндірді.
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жастар саясаты штабының өкілі Шәмші Құдайберген мен еріктілер жағажайда демалушыларға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс тастау ережелерін түсіндіру мақсатындағы рейдке қатарынан үшінші рет қатысып келеді.

"Жағажай ашылған күннен бастап адам санының күрт артқаны байқалады. Ыстықта адамдар жиі келіп, сусын мен тағам қалдықтарын көптеп қалдырып кетеді. Алғашқы күні өте көп қоқыс жиналды. Біз жастармен, демалуға келген топтармен және отбасылармен әңгімелесіп, өзінен кейінгі орынды таза қалдыру керектігін түсіндірдік. Көпшілік бұл талапқа түсіністікпен қарап, қолдау көрсетті. Кейінгі күндері де түсіндіру жұмыстары жалғасты. Қазірдің өзінде қоқыс көлемі айтарлықтай азайды. Біз жаз бойы тазалық жұмыстарына қатысып, өзіміз де қажет болған жағдайда қалдықтарды жинай береміз", - деді ол.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России