Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Қазақстандықтар үшін интернеттегі сауда қымбаттайды

0

Қазақстандықтар үшін интернет-дүкендердегі тауарлар қымбаттайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 маусымда Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Хаттама халықаралық онлайн-сауданы реттеуге арналған ережелерді қамтиды. Электрондық сауда операторы деп аталатын жаңа қызмет түрі енгізіледі деп жоспарланған. Мұндай оператор адамдар интернеттен сатып алған тауарларды жеткізумен айналысады, сондай-ақ интернет-дүкендермен және кеден органдарымен жұмыс істеп, тауарларды рәсімдеп, сатып алушыларға бергенге дейін сақтайды.

"Осыған байланысты хаттамада келесі өзгерістер көзделген: электрондық сауда декларациясы деп аталатын кедендік декларацияның жаңа түрін енгізу – осы арқылы электрондық сауда тауарларының толық көлемі бойынша декларациялау жүргізіледі (қазіргі уақытта жеке пайдалануға әкелінген тауарлар тек бажсыз әкелу нормалары – 200 еуро немесе 31 келіден асып кеткен жағдайда ғана декларацияланады)", – делінген заң жобасының қорытындысында.

Мәжіліс кулуарында вице-премьер Серік Жұманғариннен жаңа ережелер қазақстандықтар үшін онлайн-сатып алуды қиындатпай ма деген сұрақ қойылды.

"Қазір Amazon-нан бір жерден тауар сатып аласыз. Егер тауар сәйкес келмесе немесе сапасы нашар болса, не істейсіз? Қайтару өте қиын, дұрыс па? Көптеген сұрақ туындайды. Ал енді бұл оператор, біріншіден, егер тауардың құны 200 еуроға дейін, салмағы 31 келіге дейін болса, декларацияны рәсімдейді. Бұл декларация үшін сіз ақша төлемейсіз. Ол тауарды үйіңізге дейін жеткізіп береді", – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, егер тауар ұнамаса, өтініш жазуға болады, сонда қайтарумен оператор айналысады. Бұл "сіздің емес, оның мәселесі" болады. Сонымен қатар, декларацияны өз бетіңізбен тапсырып, төлем жасауға да болады.
Журналистер интернет-дүкендердегі тауарлар қымбаттай ма деп нақтылады.

"Қымбаттайды. Қазір, егер 200 еуро мен 31 келіден асып кетсе, 15 пайыздық кедендік жиынтық төлем төлейсіз. Жаңа ереже бойынша ҚҚС-ты сауда алаңы төлейді, ал сіз – 5 пайыздық баж салығын төлейсіз. Жалпы алғанда 17 пайыз шығады. Айырмашылық – 2 пайыз", – деп жауап берді вице-премьер.

Осылайша, Жұманғариннің айтуынша, интернет-дүкендердегі тауарлар шамамен 2 пайызға қымбаттауы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России