Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-ға қосылады

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-ға қосу арқылы қайта ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту және арттыру мақсатында қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын.

3. Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)» деген жол алып тасталсын.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:1) Қызмет туралы ереженің жобасын;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.

7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлық жобасын енгізсін.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.

10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России