Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Астанадағы саябақта “Заң және тәртіп“ атты фотокөрме өтіп жатыр

0

Астананың орталық саябағындағы "Атырау" көпірінің жанында "Заң және тәртіп" атты ерекше фотокөрме ашылды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Көрмеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне арналған ондаған фотосурет қойылған.

Экспозицияны ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттау. Көрменің салтанатты ашылуына ерекше реңк берген – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үрмелі оркестрі орындаған музыкалық композициялар.

Көрмеге қойылған фотосуреттердің басым бөлігі – ІІМ сәуір айында жариялаған фотобайқау нәтижесінде жиналған жұмыс. Байқауға еліміздің әр өңірінен шамамен 100 фотосурет келіп түсті. Әр сурет – учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен қызметтік иттердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар. Олар күн сайын заңдылық пен қауіпсіздік күзетінде тұр.

Фотосуреттерде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмыс барысы бейнеленген: тасқын салдарын жою, орман өртін сөндіру, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе балаларды қорғау мен алдын алу шараларына ерекше мән берілген, яғни аулалардағы қауіпсіздік пен білім ордаларындағы іс-шаралар көрініс тапқан.

"Полицияның жұмысы – тек қылмыскерлерді ұстау емес. Олар – төтенше жағдайдағы көмек, тыныштықты күзету, адамдардың өмірін сақтау. Біз осының бәрін камера объективі арқылы көрсеткіміз келді. Көрмеге азаматтардың қызығушылығы күткенімізден де асып түсті. Біз мұнда екі сағаттан астам уақыт болдық, осы аралықта адамдар легі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл тақырыптың жұртқа жақын екені байқалады. Адамдар тоқтап, сұрақтарын қойып, эмоцияларын бөлісіп жатыр", — деді ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаменті басшысының орынбасары Динара Сағандықова.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Көрмеге келгендер арасында туристер де болды. Олар бұл шараға кездейсоқ тап болған.

"Біз Омбыдан келдік, қаланы аралап жүріп, музыка үнін естіп қалдық. Жақын келсек, осындай керемет көрмеге тап болдық, таңғалдық. Фотосуреттер, оркестр, жалпы атмосфера – бәрі ерекше әсер қалдырды. Мұндай шараны көргенімізге өте қуаныштымыз", – деді шара қонақтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России