Курсқа қашқан түлек: Мектеп білімінің көлеңкесінде қалған шындық
Соңғы жылдары әр 11 сынып түлегі үшін мектеп бітіру - қиындықтармен бетпе-бет кездесетін өтпелі кезеңге айналуда. Онсыз да жаңа өмірге қадам басып жатқан жасөспірімге түрлі жүктемелер үйіп төгілуде. ҰБТ-ға дайындықпен қоса, күнделікті шаруаларды да жасап үлгеруің керек. Мектеп ҰБТ үшін жауапкершілік алмайтын болғандықтан, ондағы мұғалімдер де ол тестке оқушыны қалай дайындау керек екенінен бейхабар. Әрине, ұстаздар бар білгенімен бөлісіп көмектескенімен, олар тестке дайындайтын мамандар емес, мектеп мұғалімдері. Міне, осы себептермен әрбір қазақстандық түлек үшін ҰБТ-ға дайындық курстарын сатып алу - қалыпты жағдайға айналды.
Мен де осы айтылған жайттарды өз басымнан өткердім. Алаңсыз жазғы каникулдан оралып, бірден 11 сыныптың машақатына кіріп...
