Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Алматы маңында 10 жастағы баланы иттер талап тастады

0
Алматы маңындағы ауылда иттер 10 жастағы баланы талап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 30 маусымда Жалпақсай ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жағдай балалар футбол ойнап жүрген алаңда болған.

"Иттер футбол алаңына кіріп кеткен. Басқа балалар қашып үлгерген, ал Максим есімді бала үлгере алмай, оған үш ит шабулдаған. Иттерді ұзақ уақыт бойы ажырата алмаған, олар баланың құлағын жұлып, сан етін жұлмалап тастаған, басын да тістеген. Иттердің иелері кінәсін мойындамай отыр", – дейді ауыл тұрғындары.

Сондай-ақ, балаға екі овчарка мен бір питбуль тұқымды ит шабуыл жасағаны айтылған. Олар оңалту орталығынан жүгіріп шыққан.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)


Иттерден баланы ересектер құтқаруға тырысқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, иттердің біреуін өлтіруге тура келген. Қазір бұл оқиғаны полиция тергеп жатыр.

"Кәмелетке толмаған балаға абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиға куәгерлерінен жауап алынып, болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

"Сонымен қатар, оңалту орталығының лауазымды тұлғаларының әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Барлық кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылады", – деді полицияда.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2014 жылы туған бала 30 маусымда сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Реанимацияға жатқызылып, бірнеше сағаттан соң травматология бөліміне ауыстырылды. 1 шілде таңындағы жағдай бойынша, баланың жалпы жағдайы алған жарақатына байланысты орташа ауыр. Емделіп жатыр, емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр", – делінген басқарма хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России