Бүгінде кез келген автобусқа мініп көріңізші. Бір сәтте айналаңыздағы жолаушыларға көз салыңыз: бірі TikTok-та видео қарап отыр, екіншісі Instagram сторис жүктеп жатыр, үшіншісі меммен жауап беріп, мессенджерде сөйлесуде. Ең қызығы — олардың диалогтары да өзгерген. Күлкіні “ха-ха” емес, “ахах”, “лол”, “кринж” деп білдіреді. Бір қарағанда мән бермейтіндей көрінген бұл көрініс – тұтас жаңа мәдениеттің белгісі. Яғни интернет — бүгінгі жас ұрпақтың тіліне, ойлау жүйесіне, тіпті мінезіне дейін әсер етіп үлгерді.Бұл — жай ғана технологиялық даму емес, әлеуметтік-мәдени сілкініс. Интернеттің кең таралуы және әлеуметтік желілердің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналуы жастардың тілдік қорын ғана емес, олардың өзін-өзі таныту форматын да...