Әрбір жас түлек 11 сыныпты бітіріп, жаңа өмірге қадам басарда арманданындағы оқу орны болады. Менің арманым – еліміздегі ең беделді, тарихы терең жоғары оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) білім алу. Бұл университет – білім мен ғылымның ордасы, еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының көшбасшысы. ҚазҰУ – 1934 жылы құрылған, тарихы терең, түлектері мықты, профессорлық-оқытушылық құрамы өте сапалы университет. Ол тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда үздік университеттердің бірі. “QS Asia Unversity Rankings 2023: Орталық Азия” рейтінгісінде бірінші, “Qs World University Rankings 2024” рейтингіде 163 орын алған оқу орны.Бұл – халықаралық деңгейдегі бедел мен сапалы білімнің дәлелі. Университетте 16 факультет,...