Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға қайтарылған активтен 21,5 млрд теңге бөлінді

0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінді.

Бүгінде өңірде сумен жабдықтау саласында 28 жоба жүзеге асырылып жатыр. Зеренді ауданында жаңа су құбыры желілерін салуға және қолданыстағы су құбыры желілерін жаңғыртуға 6 млрд 564 млн теңге қарастырылған. Жұмыстар Ақадыр, Жылымды, Қанай би, Көктерек, Садовое, Троицк, Васильковское, Өркен, Өзен және Баратай ауылдарында жүргізіліп жатыр.

Олардың ішіндегі ең ірісі - 1 мыңнан астам адам тұратын Өркен кентіндегі ұзындығы 6 шақырым сумен жабдықтау жүйесі. Жобаның құны - 583 млн теңге.

Одан бөлек, облыстың 9 ауданында 2 млрд 287 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтаудың жаңа көздерін салу және қолданыстағы жүйелерді реконструкциялау жүзеге асырылып жатыр. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Сандықтау ауданында топтық су құбыры салынып жатыр. Жоба бойынша 22,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін салу көзделген. Оны жүзеге асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 200 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ Нұра топтық су құбырын реконструкциялау және Покровское ауылынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.

Қазір Ақмола облысында қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметі 99%, ал ауылдық елді мекендерде 96,6%.

Бүгінде елімізде қайтарылған активтерге денсаулық сақтау, спорт, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту салаларындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России