Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке келді

0

Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "Санитария, гигиена және эпидемиология", 2005 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" және 2008 жылы Almaty Management University-ін "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған. Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек еткен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды. 2024 жылғы шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России