6 балға дейін: жер сілкінісі қай жерлерде сезілді?
Жамбыл облысында жер сілкіні тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілдеде Астана уақытымен 14.30-да жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше:
Құлан а. 6 б.
Мерке а. 5 б.
Шу қ. 3 б.
Сарыкемер а. 3 б.
Төле би а. 3 б.
Тараз қ. 3 б.
Аса а. 2 б.
Мойынқұм а. 2 б.Қордай а. 2 б.
Бауыржан Момышұлы а. 2 б.Қаратау қ. 2 б.
Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
