Алматыда тағы бір көше кезең-кезеңімен жабылады
Алматыда Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Достық шағынауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі.
1-кезең: Шаляпин көшесінен Терме көшесіне дейін2-кезең: Терме көшесінен Абай даңғылына дейін3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Науметов көшесіне дейін6-кезең: Тағзым көшесінен Ш. Қажығалиев көшесіне дейін
Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.
"Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
