Менің арманым
Арманым бар — айға жетер асқақ ән,Жүрегімде жанған үміт жас талант.
Болсам деймін шыншыл, батыл журналист,Шындық үшін сөйлейтін әр сәтте мен.
Қазақстан — Отаным, мақтанышым,Халқымның үнін жеткізсем бақ қылышым.
Халық сөзі — менің басты тақырыбым,Әрбір жанның болсам деймін жақын үні.
Ауылым — менің алтын бесігім ғой,Сол ауылда туып өстім несібем той.
Көп балалы шаңырақтың үмітімін,Арман қуып, алға басам — сертім сол ғой.
Тілші болсам — тек әділдік іздеген,Ел тағдырын айтсам деймін жүздеген.Қаламыммен күресемін шындық үшін,Келешекте боламын деп сендім мен!
Марқамұрат Мақпал Жақыпқызы
