Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Қазақстанда eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

0

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан eGov-тан бас тарта ма?
Жақында БАҚ-та Қазақстан eGov-дан бас тартатыны, ал оның орнына барлық мемлекеттік қызметтерді жаңа платформа QazTech көрсететіні туралы ақпарат пайда болды. Ведомство басшысы Жаслан Мәдиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Министрліктің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, бұл порталды жабу немесе одан бас тарту туралы әңгіме қозғалып отырған жоқ.

"Электрон үкімет порталы eGov.kz азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі құралы болып қала береді. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электрон форматта қолжетімді және eGov.kz бұл жүйеде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанда электрон үкіметтің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Осы жұмыстар шеңберінде QazTech жаңа технологиялық платформасы енгізіліп жатыр, ол жаңартылған eGov 3.0 порталын дамыту үшін негіз болады", - деп жазылған ведомство жауабында.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осындай іс-шаралар жасалып жатыр. Десе де қазақстандықтар қызметтің бұрынғы форматынан әлі де бас тартпаған.

"QazTech платформасын құру және eGov 3.0-ді енгізу Қазақстанға неғұрлым заманауи технологияларға көшуге, мемлекеттік қызметтердің жұмыс жылдамдығын арттыруға, кибершабуылдарға тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаңа цифрлық қызметтерді жылдам іске қосуға мүмкіндік береді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

"Жаңа eGov"-қа қашан көшеміз?
Қазір порталдың жаңа нұсқасы - eGov 3.0 жасақталып жатыр. Бейінді министрліктің мәліметтері бойынша жоба азаматтар мемлекеттік қызметтерге үздіксіз қол жеткізуі үшін кезең-кезеңімен іске асырылады.

"2025 жылдың өзінде-ақ eGov 3.0 жаңартылған компоненттерін енгізу басталады, олар біртіндеп қолданыстағы жүйеге біріктіріледі. 2026 жылдың ішінде толық көшу аяқталады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған жауапта.

Министрлік мәліметінше, қазақстандықтар бұрынғы порталды пайдалана бере алады, олар тек портал жұмысы, дизайны, қызметтердің жылдамдығы жақсарғанын көреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России