Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Сәтпаевтан кейін жаңа кен орындары неге ашылмады – Ерлан Ақпаровпен сұхбат

0

Қазақстан экономикасының іргесін ұстап тұрған кәсіпорындар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың заманында ашылды. Одан кейін жаңа ашылулар болған жоқ. Мұның себебі неде деген сұраққа Massaget.tv арнасына берген сұхбатында Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақпаров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрағаның сөзінше, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі кезеңде геология саласы бір буынды жоғалтып алды.

"Қазақстан мұнай өндіріп жатқанына – 125 жыл, мыс өндірісіне – 106 жыл болды. Бізде де біліктілік те, маман да бар. Кеңес үкіметі кезінде геология саласы әлемде бірінші орында тұрды. Оның ішінде Қазақстанның геологиясы ерекше көзге түсті. Бұл – Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың еңбегінің нәтижесі. Ол негізін қалаған ғылыми мектептің арқасында геология саласы қарқынды дамыды. Тәуелсіздік алғаннан кейін өтпелі кезең болды, оны мойындауымыз керек. Осы кезеңде бір ұрпақтың ішінде – шамамен 25 жылда – геология мамандарының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Геология саласына жастар бармай қалды, сөйтіп біз үлкен бір мүмкіндікті жіберіп алдық", - деді ол.

Бүгінгі таңда аталған олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік деңгейде қаржы бөлініп, бағдарламалар жолға қойылған.

"Қазір осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет геология саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Қаржыландыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Геолог мамандардың санын арттыруға нақты назар аударылуда. Өйткені білікті маман болмаса, қазба байлықты ешкім ашып, іске асыра алмайды.Кез келген кен өндіру ісінің, мұнай өндірісінің алғашқы сатысында геологтар тұрады. Сондықтан бүгінде біз геология мамандығын қайта жандандыру және оның әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақпаров.

Геологтардың орташа жалақысы қанша?
Саладағы мамандардың аз болуының бір себебі – айлықтың жеткіліксіздігі емес пе, деп сұраған едік. Бірақ төраға еңбек өтілі өндірісте бес жылдан асатын геологтар миллионға дейін таба алады деді.

"Мен де геологпын. Өз еңбек жолымды аз жалақыдан, қарапайым жұмысшы ретінде бастадым. Қазір көп жас маман жұмысқа кіре салып бірден жоғары жалақы алғысы келеді. Бірақ компания үшін бұл – тәуекел. Жас маманның біліктілігі мен тәжірибесі әлі қалыптаспай жатып, жоғары жалақы төлеу әрдайым тиімді бола бермейді.Геологтардың жалақысы нақты бір деңгейде деп кесіп айту қиын. Дегенмен кәсібилігі мен тәжірибесі бар мамандардың еңбегі жақсы бағаланады. Орташа алғанда білікті геолог миллион теңге көлемінде жалақы алады. Қазір біз қорды есептеу бойынша мемлекеттік стандартқа көштік. Бұл стандартты жүзеге асыру жекелеген геологтардың мойнында. Ол үшін маманның өндірістегі еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл болуы керек. Қорды есептеу жүйесі – геологтың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндік. Біліктілігін арттырған маман стандарттың ресми мүшесі бола алады. Бұл – маман үшін мотивация, әрі кәсіби өсу жолы", – деді Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақпаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России