Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды: министр нақты мәліметтерді айтты

0

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 20 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Министрдің айтуынша, елде дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетігі толығымен қайта қаралған. Бұған тұрғындар тарапынан түсетін шағымдардың көбеюі мен тіпті ең қарапайым препараттардың бағасы шарықтауы себеп болған.

"Бұл мәселеге біз былтыр тыңғылықты айналыстық. Дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетігін реттейтін норматив-құқықтық базаны қайта қарап, ауқымды жұмыс жүргіздік. Денсаулық сақтау министрлігі жылдар бойы дәріханалардағы дәрілердің шекті бағасын бекітіп келсе де, халық арзан дәрілердің жоғалып кеткеніне, ал күнделікті қолданатын дәрілердің бағасы күн сайын шарықтап бара жатқанына жиі шағымданады", – деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекет Қазақстанға импортталатын барлық дәрі-дәрмек бағасын реттеуді жалғастырып жатыр. Бірақ фармацевтикалық сала бұл саланы еркін нарыққа жіберуді қолдайды, яғни бағаны нарық өзі реттейді деп есептейді.
2023 жылы сынақ режимінде үш және одан да көп баламасы бар 303 дәрінің бағасы реттеуден шығарылды. Алғашқы үш айда баға өскенмен, кейіннен біртіндеп төмендеген. Нәтижесінде, бағалар 14–17 пайызға түскен. Жыл аяғына дейін тағы шамамен мыңға жуық дәрінің бағасын еркін бағалау жүйесіне көшіру жоспарланған.
Әлназарова рецепт арқылы берілетін дәрі-дәрмекке ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл үшін халықаралық салыстырмалы баға жүйесі қолданылған: Қазақстанмен экономикасы ұқсас 10 елдегі бағалармен салыстыру жүргізілген. Бұл тізімге Түркия, Ресей, Польша, Өзбекстан сияқты елдер кірген.
Тағы бір маңызды қадам - үстеме бағаларға бақылаудың күшеюі. Бұрын баға құрылымына тасымалдау мен жарнама шығындары да қосылып, тұтынушы үшін түпкілікті баға түсініксіз болатын. Ал былтырғы желтоқсаннан бастап баға қалыптастырудың жаңартылған механизмі бекітілді.
2025 жылдың алғашқы бес айында көтерме және бөлшек саудадағы 5 мыңнан астам дәрі-дәрмектің бағасы қайта қаралды. Денсаулық сақтау министрлігінің талдауы нәтижесінде, әсіресе бұрын бағасы негізсіз көтерілген препараттар бойынша бағаның 15–20 пайызға төмендегені анықталған.
1 қыркүйекке дейін дистрибьюторлар мен дәріханалар министрліктің жаңа бұйрықтарына сәйкес бағаларды қайта қарауға міндетті болады.

"Бұл өзгерісті қарапайым сатып алушы, мысалы, дәріханаға келген зейнеткер қалай сезінетінін де қарастырып жатырмыз", – деді министрлік өкілдері.

Басты бұйрықтардың бірі бөлшек сауда сегментіне қатысты болса, екіншісі - МӘМС пен ТМККК аясындағы баға реттеу тетіктеріне байланысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России