Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Перизат Қайраттың қылмыстық жоспары қандай болған? Айыптау нұсқасы

0

Астанада Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр. Прокурор Мәдина Оразалина айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, 2018 жылдың қарашасында Halyk қайырымдылық қоры әлеуметтік жобаларды өтеусіз қаржыландыруға арналған birgemiz.kz интернет-платформасын іске қосқан. Аталған платформа "Біз біргеміз" ұранымен коронавирус инфекциясымен күресте халыққа көмек көрсету кезінде кең танымалдылыққа ие болды".

"Перизат Қайрат "Біз біргеміз" акциясының кең қолдауға ие екенін біле отырып, азаматтар мен заңды тұлғалар қайырымдылық көмек ретінде аударған ақшаны алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыруға бағытталған қылмыстық ниетпен әрекет еткен. Қайрат Перизат әзірлеген қылмыстық жоспар – халық арасында танымал болған "Біз біргеміз" ұранын пайдаланып, қоғамдық бірлестік құру болған", – деді Оразалина сотта айыптау актісін оқып.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Перизат Қайрат қоғамдық бірлестік атынан өзінің және анасы Ғайни Алашбаеваның атына банк шоттарын ашқан.

"Қайраттың қылмыстық жоспарының тағы бір бөлігі – әлеуметтік қолдауға және материалдық көмекке мұқтаж адамдарды іздеу, түрлі іс-шаралар мен аукциондар ұйымдастыру арқылы бей-жай қарамайтын азаматтардан қайырымдылық ретінде ақша тарту, әлеуметтік желілерде төтенше жағдайлардан, табиғи апаттардан, соғыстар мен апаттардан зардап шеккендерге гуманитарлық және материалдық көмек көрсету үшін қаражат жинауға үндеу жариялау", – деп жалғастырды прокурор.

Айыптау нұсқасына сәйкес, Перизат Қайрат:

қоғам алдында өзіне оң имидж қалыптастырып, жиналған қаражаттың бір бөлігін қайырымдылық көмек ретінде таратып, қылмыстық әрекеттерінің ізін жасыруға тырысқан;
қайырымдылық ретінде жиналған ақшаны иемденіп алған;
қылмыстық жолмен алынған табысты туыстары мен сенімді адамдарды тарта отырып заңдастырған;
қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардың қылмыстық шығу тегін жасыруға тырысқан;
заңдастырылған ақшаны жеке материалдық пайда табу мақсатында пайдаланған;
табыс көзі мен материалдық игіліктердің қайдан шыққанын жасыру үшін өзін және анасын табысты, жеткілікті кәсіпкерлер ретінде көрсеткен.

2021 жылғы 11 қазанда Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 бірлестігі мен оның жарғысы тіркелген. Жарғыда көрсетілген мақсаттар – қайырымдылықпен айналысу, волонтерлік қызметті дамыту, волонтерлерді біріктіру, сондай-ақ мәдени, патриоттық және құқықтық іс-шаралар өткізу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России