Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Түркістан: Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды

0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, "Шардара" су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді. Туристік нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестін қадағалады. Жауапты тұлғалармен, жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар берді.
Туристер жиі баратын негізгі орындар – "Nurdelux", "ER I ZHAN", "Алтын жағалау" және өзге де демалыс орындары демалушылардың назарын көбірек аударып отыр.


"Мемлекет басшысы елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруді тапсырды. Бұл мәселе назарымыздан түскен емес. Өңірде туристік орындарды реттеу, санитарлық тазалығын сақтау бойынша екі жылдан нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ әлі де кемшілік көп. Жағажайларды жедел ретке келтіріңіздер. Тазалық, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарына заң шеңберінде жұмыс жүргізілсін. Осы демалыс орындарына иелік етіп отырған кәсіпкерлер өз міндетін адал атқарсын.
Жағажайларға қажетті талаптар сақталмаса, келісімшартты тоқтату керек. Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдігінің жауапты тұлғалары осы мәселе бойынша шұғыл жұмыс атқарыңыздар. Демалыс орындарында тіркелген жұмысшылар санын, салық төлемдерін де жүйелеңіздер. Ең басты мәселе – демалушылардың қауіпсіздігі. Егер туризм дамысын десек, тазалық пен қауіпсіздік басты назарда болуы керек. Жағажайға келушілердің тазалық талаптарын сақтауы да қадағалансын", – деген Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.


Жағажайларды аралап көрген облыс әкімі аудан әкімдігінің ғимаратында жағажайлар мен туристік нысандардың жұмысын реттеу бойынша мәжіліс өткізді.

"Туристік нысандар – біздің келбетіміз. Мемлекет басшысы осы бағытта нақты міндеттер жүктеп отыр. Жаңа жағажайларды аралап шықтық. Қауіпсіздік, тазалық бойынша кемшіліктерді көрдік. Төтенше жағдайға жауапты мекемелер жұмысты күшейтіп, кемшіліктерді жоюы керек. Полиция тарапынан тазалық талаптарының орындалуы, алкогольді ішімдіктердің сатылмауы, жалпы тәртіптің сақталуы қадағалансын. Тұрғындардың қауіпсіздігі – ең басты мәселе. Екіншіден, осы туристік нысандардың салық төлемдеріне қатысты да сұрақтар бар. Жергілікті кірістер басқармасы жұмысты ширатсын", – деген Нұралхан Көшеров "Қазсушар" мекемесі мен Шардара ауданы әкімдігіне және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына демалыс орындарын тіркеу, заңдылығын сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Туризмге жауапты салғырттыққа жол берген басшылар пен қызметкерлерге тиісті тәртіптік шара көруді міндеттеді. Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу және өзге де тапсырмалар берілді. Мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасады.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России