Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

“Дауыс көтерудің қажеті жоқ,“. Судья Перизат Қайратқа ескерту жасады

0

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы кезінде судья Сабыржан Кәрімов айыпталушыға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін сотта "Жас Отан" жастар қанатының бұрынғы волонтері Сергей Матюшенко куәлік берді. Ол BizBirgemiz қоғамдық бірлестігі құрылтай жиналысының қатысушыларының бірі ретінде көрсетілген.
Прокурорлар мен судьяның сұрақтарына жауап бергеннен кейін, айыпталушы Перизат Қайрат куәге сұрақ қойды. Ол Матюшенкодан BizBirgemiz қоғамдық бірлестігі құрылтай жиналысының №1 хаттамасына қол қоймағаны рас па деп сұрады. Бұған дейінгі жауаптарында Матюшенко тек бір ғана хаттамаға қол қойғанын, екіншісіне қол қоймағанын айтқан болатын.
Сот процесі барысында келесі диалог өрбіді:
Перизат Қайрат: Сергей, сәлеметсіз бе. Сіз қазір екінші хаттамаға шынымен де қол қоймағаныңызды растайсыз ба?
Сергей Матюшенко: Иә, растаймын, екінші хаттамаға мен қол қойған жоқпын.
Перизат Қайрат: Өтірік айтып тұрған жоқсың ба?
Сергей Матюшенко: Жоқ, мен өтірік айтып тұрған жоқпын.
Перизат Қайрат: Қазір менің тағдырым шешіліп жатқанын түсініп тұрсың ба?
Сергей Матюшенко: Перизат, мен екінші хаттаманы өз көзіммен көрдім. Онда менің қолым емес.
Айыпталушы Қайрат куәге бірнеше рет бір сұрақты қайталап қойды. Осы кезде судья Сабыржан Кәрімов оған ескерту жасады:

"Айыпталушы Қайрат, мен тағы да қайталаймын: куәгерге өз ойыңызды таңып тұрсыз. Сізден өтініш енді қысым көрсетпеңіз. Егер сұрақтарыңызды қайталай беретін болсаңыз, сот оларды алып тастайды," – деді судья.

Перизат Қайрат пен Сергей Матюшенконың диалогы әрі қарай жалғасты. Айыпталушы куәгердің сөзін бірнеше рет бөліп, нақтылау сұрақтарын қойды.
Судья Кәрімов тағы да ескерту жасады:

"Айыпталушы, мен сізге түске дейін екі рет түсіндірдім. Сұрақ қойыңыз, жауапты тыңдаңыз, содан кейін келесі сұрақты қойыңыз. Сіз өзіңізге тиімді жауап алғыңыз келетін сияқты әсер қалдырасыз. Сот отырысының нақты тәртібі бар. Шындықты айтып жатыр ма, жоқ па – оны сот анықтайды. Бұл жерде эмоцияға беріліп, дауыс көтерудің қажеті жоқ", – деді ол.

Перизат Қайрат судьяға дауыс көтермегенін айтып, қарсылық білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России