Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Үш жылда 1,7 млн отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.

Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған — Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді.

Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу — Бозой — Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы — ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.

Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы — саладағы маңызды жетістіктің бірі.

Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия — Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.

Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында «Аққұдық» және «Северный-2» учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе «Северный-1» учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

 

Сообщение Үш жылда 1,7 млн отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России