Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Қазақстандық медицинаның аңызы Нина Каюпова өмірден өтті

0

Нина Каюпова, Қазақстан медицинасының аңызы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының негізін қалаушылардың бірі өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нина Каюпова 1936 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Ол 60 жылдан астам өмірін акушерлік пен гинекология саласына арнаған. Мансабында 30 мыңнан астам босануға қатысып, 25 ғылым докторы мен 40 ғылым кандидатын дайындаған. 19 монография мен 400-ден астам ғылыми мақала жариялаған.

Ол Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институтында, Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық орталығында жұмыс істеді, сондай-ақ 15 жыл бойы ҚазҰМУ-де дәріс берген. Соңғы жылдары жетекші ғылыми қызметкер және бейінді журналдың бас редакторы болды.

Оның басшылығымен экологиялық репродуктология атты жаңа бағыт дамыды. Нина Каюпова БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық конференцияларға қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және ҚР Сенатының депутаты болған, бірқатар әлеуметтік заңдардың бастамашысы. Қазақстан әйелдер кеңесін және акушер-гинекологтардың Ұлттық қауымдастығын басқарған.

"Парасат", ІІ дәрежелі "Достық" ордендерімен, медальдармен марапатталған, Бейбітшілік пен рухани келісім үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Алматы қаласының Құрметті азаматы.

Нина Амировнамен қоштасу рәсімі 16 шілде күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Concordia театрында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России