Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Астанада бос орындар жәрмеңкесінде 1 400-ден аса жұмыс орны ұсынылды

0
Астанада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс берушілер 1 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкені елордадағы Алматы ауданының әкімдігі ұйымдастырды. 129 жұмыс беруші 1 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Олардың қатарында салалық ұйымдар, өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар, білім беру мекемелері бар. Компаниялар өз ұсыныстарын тікелей таныстырып, жұмыс іздеушілер кадр бөлімдерінің өкілдерімен тілдесіп, түйіндемелерін қалдыру мүмкіндігіне ие болды.

"Алғашқы 40 минут ішінде жәрмеңкеге 400-ден астам адам келді. Мұнда шағын және орта бизнес өкілдері, коммуналдық кәсіпорындар, жеке кәсіпорындар, мемлекеттік құрылымдар, әлеуметтік сала – ауруханалар, емханалар, әлеуметтік мекемелер қатысуда. Мәселен, Полиция департаменті 30-дан астам бос жұмыс орнына өтінім берді, негізінен құқық қорғау саласының қызметкерлері, полицейлер қажет.
Индустриялық парк кәсіпорындары жұмысшы мамандарды іздесе, коммуналдық шаруашылық жұмыс берушілері – жүргізушіден бастап басқарушы лауазымдарға дейінгі қызметкерлерді қажет етеді. Бұл – жыл басынан бері ауданда өткен екінші жәрмеңке. Біріншісі ақпан айында өтті, онда 90-нан астам ұйым қатысып, 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Сол кезде жұмыс іздеушілер саны мыңға жуықтады. Біз бұл бағытта Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесе жұмыс істейміз, жәрмеңке қорытындысы бойынша еңбекке орналасу есебі жүргізіледі", – деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Елімсарина.


Қаланы көгалдандыру бойынша жұмыс орындарына "Зеленстрой" АҚ 30-ға жуық бос орын ұсынды, дүкендер мен супермаркеттер – сатушы және кассир мамандықтарына 120 орын, мемлекеттік білім беру мекемелері – педагог, тәрбиеші және бала күтуші қызметтеріне 13 бос орын, денсаулық сақтау мекемелері – медбике лауазымына 10, санитар қызметіне 20 бос жұмыс орнын ұсынды.
Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ келушілерге "Joltap" жобасының, қалалық Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтқан қаржы ұйымдарының өкілдері кеңес берді.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России