Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

“Астана - есірткісіз қала“: елордада балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін спорттық іс-шара өтті

0
Астананың "Көктал" саябағында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін спорттық іс-шара өтті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Winox Fit Arena фитнес клубының жаттықтырушылары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне уақыттарын арнап, тимбилдинг өткізді.

"Астана – есірткісіз қала" акциясы аясында жаттықтырушылардың көмегімен балалар үйінің 30-ға жуық тәрбиеленушісіне салауатты өмір салтын насихаттап, қаламыздың әсем саябақтарының бірінде тимбилдинг өткіздік. Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз да бар. Басты мақсатымыз – жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру", – деді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Сұлтан Омарғали.


Айта кетейік, Winox Fit Arena фитнес клубы мен "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы осымен үшінші мәрте "Көктал" саябағында спорттық шара ұйымдастырып отыр.

"2025 жылы есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңесі құрылып, соған мүше болдым. Есірткі мәселесін шешуді тек полицияға немесе мемлекетке ғана сеніп тапсыруға болмайды. Оған қоғамның белсенді азаматы ретінде де атсалысу қажет. Автомотоспортқа көбінесе жастар қызығады. Сондықтан спортпен қатар, әр баланың дұрыс таңдау жасауына да ықпал етуге тиіспіз. Ұзақ жылдар бойы жастармен жұмыс істеп келеміз және қандай да бір қиындық туындаған сәтте біз де қол ұшымызды созуға дайын екенімізді айтқымыз келеді", – деп атап өтті Астана автомотоспорт федерациясының басшысы Анатолий Бондарь.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Алдағы уақытта да есірткіге қарсы түрлі акциялар қаламызда жалғасын табатын болады.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России