Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясына тарифтер өседі
Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясына тарифтер өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа шекті тарифтер энергетика министрінің міндетін атқарушы 29 шілдеде қол қойған "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес бекітілген.Құжатқа сәйкес, келесі компаниялар үшін тарифтер өседі:
Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС - 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін,Ақтөбе ЖЭО - 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін,"Жайықжылуэнерго" АҚ-13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін,МАЭК-Қазатомөнеркәсіп - 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін,"Кристалл Менеджмент" АҚ - 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін,"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС - 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін,З-Энергоорталық - 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін,Қызылорда жылу электр орталығы - 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін,"Батые Пауэр" ЖШС - 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін,Karabatan Utility Solutions ЖШС - 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін,OzenMunaiProm ЖШС - 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін,"Қазхром" ТҰК" АҚ - 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін,"ССКӨБ" АҚ - 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін,Энергия өндіруші ұйымдардың 63-ші тобы үшін киловатт-сағатына 44,02 теңге мөлшерінде тариф белгіленді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
