Ердоған Instagram-парақшасында Тоқаевқа бірнеше жазба арнады
Ердоған Тоқаевтың қызметке кіріскен сәтінен бастап Қазақстанның ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұстанымын көрсетіп келе жатқанын мәлімдеді. Достық пен серіктестікті нығайтудағы қызметі үшін Тоқаев ең жоғары түрік ордені – Түркияның Мемлекеттік орденімен марапатталды.
"Қазақстан Президенті, менің қымбатты ағам Тоқаев, алғашқы күннен-ақ Түркияның жақын досы екенін нақты қадамдарымен дәлелдеп келеді", — деп жазды Ердоған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Recep Tayyip Erdoğan (@rterdogan)
Ердоғанның айтуынша, Анкарада өткен кездесуде тараптар қорғаныс, энергетика, логистика, ғылым және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылап, екіжақты 20 құжатқа қол қойған.
Түркия Президенті Қазақстанның Түркия азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 90 күнге ұзарту шешімін ерекше атап өтіп, Тоқаевқа алғысын білдірді.
Еске салайық, Қазақстан Президенті 28 шілдеде ресми сапармен Анкараға барды. Тоқаевты Түркия Президентінің өзі қарсы алды.
Айта кетейік, Ердоған шетелдік көшбасшыларды әуежайда сирек қарсы алады — әдетте бұл міндетті ресми өкілдер атқарады. Мұндай ерекшелік тек ерекше достас мемлекеттер басшыларының сапарында ғана жасалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
