Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Тоқ соғу, инфекция және жарақат алу қаупі: қаладағы фонтандарда неліктен шомылуға болмайды

0

Ыстық күндері балалардың қалалық фонтандарда су шашып ойнап жүргенін жиі көруге болады. Алайда олар бұл әрекеттің денсаулыққа елеулі зиян тигізуі мүмкін екенін түсіне бермейді. Фонтандарда шомылуға қатаң тыйым салынған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық құтқарушылар фонтандарда шомылудың қаншалықты қауіпті екенін еске салды.
Механикалық жарақат алу қаупі жоғары: тегіс емес беттер, су ағындары, декоративті элементтер, сондай-ақ олардың ішіне орнатылған құбырлар мен сорғылар құлау мен жарақатқа әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, көптеген фонтан жарықтандыру және басқа да электр жабдықтарымен жабдықталған, ал бұл тоқ соғу қаупін туындатады.
Сол себепті барлық фонтанда шомылуға тыйым салынғанын білдіретін арнайы белгілер орнатылған.

Фонтандар – қаланы көріктендіру элементтері. Олар ауаны ылғалдандыруға және эстетикалық мақсаттарға арналған. Бұл құрылғыларда суды сүзгіден өткізу және тазалау жүйелері қарастырылмаған.

"Фонтандар қоғамдық орындарда орналасқандықтан, олардың суы тез ластанады: ішіне қоқыс, жапырақ, шаң-тозаң, жәндіктер түседі. Онда қаңғыбас жануарлар мен құстар да шомылуы мүмкін, ал олар түрлі инфекциялардың тасымалдаушысы. Су – вирустар мен бактериялар үшін қолайлы орта. Ал ауа температурасының жоғары болуы микроағзалардың тез көбеюіне ықпал етеді. Сондықтан фонтанда шомылуға ғана емес, тіпті қолды немесе жеміс-жидекті жууға да болмайды. Мұндай әрекеттерді тек ауыз суға арналған арнайы орындарда ғана жасау керек", – деп ескертті Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Зертханалық талдаулар көрсеткендей, мұндай суларда энтеро- және ротавирустар, ішек таяқшалары, сальмонеллалар мен шигеллалар (дизентерия қоздырғыштары) сияқты жедел ішек инфекцияларын қоздыратын патогенді микроағзалар болуы мүмкін. Әсіресе бауырды зақымдайтын және оның қызметіне ауыр нұқсан келтіретін А гепатиті вирусынан сақ болу керек.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России