Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу жолдары: елордалық құтқарушылар кеңесі

0

Астанада балалардың терезеден құлап кету оқиғалары әлі де азаймай тұр. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Жанат Камерденов айтып, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарға қандай сақтық шараларын сақтау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай оқиғалар күн жылы кезде жиілей түседі.

"Күн жылына салысымен, терезелерді ашып қойып жатады. Дәл осы уақытта балалар құлап кететін жағдайлар басталады. Кей күндері төрт балаға дейін құлап жатса, кейде бір балаға қатысты жағдай тіркеледі. Бұдан ешкім сақтандырылмаған – бұл жаңа тұрғын үйде де, ескі көпқабатты үйде де болуы мүмкін. Терезесі бар кез келген үйде бала қараусыз қалса, терезеде арнайы қорғаныс құрылғылары болмаса, мұндай жағдайдың болуы әбден ықтимал. Қалада белгілі бір ауданға ғана тән жағдай деп айтуға келмейді. Балалар екінші қабаттан да, он төртінші қабаттан да құлап жатады", – дейді Жанат Камерденов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мұндай қауіптердің алдын алуға арналған түрлі құрылғылар бар.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы техникалық құралдар бар – темір торлар, тіпті қорғаныс торлар да қолданылады. Арнайы күшейтілген маса торлары бар, оларды өте мықтап орнатады, тіпті ересек адам да сындыра алмайды. Сонымен қатар терезенің ашылуын шектейтін арнайы қорғаныс сымдары бар, оларды орнату арқылы терезені толық ашуға мүмкіндік болмайды", – деп түсіндірді ТЖД өкілі.

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ ол ата-аналарды балалармен терезе жанында ойнаудың қауіптілігі жайында сөйлесуге шақырды.

"Терезе маңына жиһаз, орындық, үстел қоймау керек. Балаларды пәтерде жалғыз қалдырмаңыздар, бүлдіршіндер үйде болған кезде терезелерді қатты ашып қоймаңыздар. Балалардың терезе алдына шығуына жол бермеңіздер. Қауіптің алдын алу үшін арнайы техникалық құралдарды қолданыңыздар", – деді Жанат Камерденов.

Айта кетейік, баланың терезеден құлап кетуіне себеп болған ата-аналар немесе қамқоршылардың әрекеті нақты жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі түрлі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мысалы, егер бала қараусыз қалып, терезеден құлап кетсе, бұл ҚК-нің 125-бабы – "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша қаралуы мүмкін. Ал егер баланың жарақаттануына ата-ананың немқұрайлылығы себеп болса, бұл ҚК-нің 156-бабы –"Тәрбие беру міндеттерін орындамау" бойынша саралануы ықтимал.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России