Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Астанадағы аурухана блогерді түсік тастаған науқас туралы жазбасы үшін сотқа бермек

0

Астанада дәрігерлер баласынан айырылған науқас жайлы оқиғаны әлеуметтік желіде жариялаған блогерді сотқа беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аурухана директоры Изат Бюрабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Изат Бюрабековтың айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат "асыра сілтеп" жазылған, ал жүктілікті сақтау медициналық себептерге байланысты мүмкін болмаған.

"Науқас әйел 25 шілдеде сағат 21:54-те жүктіліктің үзілу қаупімен ауруханаға түсті. Біз жүктілікті сақтап қалуға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, кей жағдайда әйел ағзасы емдік шараларға жауап бермейді. Бұл жағдайда ұрықтың түсу процесі жалғасты, қарапайым тілмен айтқанда, түсік тастады. Мұндай жағдайлар жүктіліктің ерте кезеңінде жиі кездеседі", – деді Бюрабеков.

Ол науқастың жүктілік мерзімі 6 апта 5 күн болғанын және шаранада әлі ішкі органдар қалыптаспағанын нақтылады.

"Әйел жаңа туған баласынан айырылды деп айту – дұрыс емес. Бұл ұрық болған", – деді дәрігер.

Директордың айтуынша, пациент әрбір бір жарым-екі сағат сайын бақылауда болған. Сондай-ақ, науқастың өзі бақылаушы органдарға шағымданудан бас тартқан.

"Ал жазба салған блогерге қатысты сотқа талап арыз әзірлеп жатырмыз. Айтпақшы, бұл блогер кейін барлық жариялаған жазбасын өшіріп тастады – біздің араласып немесе өтініш жасамай-ақ", – деп толықтырды ол.

Tengrinews.kz тілшісі жазба авторы – блогер Айсулу Алпыспаевадан да пікір алды. Қыз ауруханаға жүгініп, дәрігерлерден талап арызды қайтарып алуды сұрайтынын айтты.

"Егер шынымен де талап арыз берілсе, мен оны қайтарып алуды сұраймын. Себебі бұл жағдай бойынша Диана (науқас әйел) мені барлық жазбаны өшіруге өзі өтінді, осындай жағдайлардың алдын алу үшін. Алайда егер аурухана талап арыз бермек болса немесе беріп қойған болса, дәл қазір қасымда отырған Диана бұл тақырыпты әрі қарай көтеруге мәжбүр болады. Біз де заңгерлерді тартуға мәжбүр боламыз. Және көпшілік бізді қолдайтынына сенімдіміз", – деді блогер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России