Астанада Алаш тасжолы бойындағы қоқыс полигоны өртенді
"Өртті сөндіру барысында жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында Астана қалалық ТЖД бөлімшелері жұмыс істеген, атап айтқанда 24 қызметкер және жеті арнайы техника тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
