Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2025

Дөнерхана қызметкерінің үстіне қызған май төгілді: Оқиға жайлы не белгілі?

0

Елордалық дөнер желілерінің бірінде жұмысшының абайсызда әріптесінің үстіне қызған май төгіп алған сәті түсіп қалған. Аталған оқиғаның видеосы Threads желісінде тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Видеода асүй қызметкерінің қызған май құйылған ыдысты көтеріп келе жатқаны байқалады. Бір сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, ыдыстың ішіндегі май басқа қызметкерге шашырап кетеді.
Жазба авторының айтуынша, оқиға салдары өте ауыр болған. Ол компанияның өз қызметкерінің жарақаты үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын мәлімдейді.

"Оның бүкіл арқасы іріңдеп жатыр. Компания ешқандай жауапкершілік алғысы келмейді. Бұл – сұмдық жағдай. Тіпті тері ауыстыру отасы қажет болуы мүмкін", – делінген жазбада.

Компания не дейді?
Оқиға видеосы желіде кең тараған соң, компания ресми түсініктеме берді. Олар жарақат алған қыздың емделу ақысы төленбеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Аталған жағдай расында бір айдан астам уақыт бұрын біздің дәмханалардың бірінде болды. Бұл – өте өкінішті жағдай: қызметкердің үстіне абайсызда ыстық май төгілді. Біз бірден барлық қажетті көмекті көрсеттік, зардап шеккен қыздың ата-анасымен кездестік, ем-домын толық өтеп, өтемақы төледік", – делінген компанияның Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

Еңбек министрлігі мен полиция не деді?
Бұл жағдайға байланысты Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Астана қалалық полиция департаментіне сұрау салынды.
"Егер қызметкер жұмыс орнында болған жазатайым оқиғадан кейін ем-дом шығындары өтелмеді немесе өтемақы төленбеді деп есептесе, бірақ жұмыс берушімен келісімге келе алмаса, тұрғылықты жері бойынша еңбек инспекциясына жүгінуі қажет. Әрбір жағдай жеке қаралады", – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России