Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Қазақстан 2026 жылы Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді

0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді.
Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл оқиға дүниежүзілік картада өте салмақты акторға айналып келе жатқан Орталық Азияның маңызы жөнінде халықаралық қоғамдастыққа айқын белгі бергенін жеткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, қол қойылған келісім арқылы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы ресми түрде бекітілді. Бұл – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың маңызды кезеңі.

"Геосаяси дүрбелеңдер мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқаруға тиіс. Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

"Бүгінде Орталық Азия бірлігі бекем және тату көршілік пен ортақ прогресс қағидаттарына бейіл өңір екенін етіп келеді. Аймақ елдері саяси және әлеуметтік реформалар жүргізіп, экономиканы әртараптандыру бойынша батыл шаралар қабылдап жатыр. Адам капиталын дамытуға күш салып, анағұрлым инклюзивті институттар құруды қолға алды. Біз халықаралық өзекті мәселелерді шешуге белсенді араласатын мәмілегер ретінде Орталық Азияның әлеуетін ашуға және жаһандық аренада конструктивті әрі келешекті көздеген күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге ұмтыламыз. Осы орайда Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығын ашу уақтылы және стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам болып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Орталықтың аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.

"Бұл Орталықтың құзыреті мен функциялары аймақтағы немесе одан тысқары жерлердегі басқа ұйымдардың қызметін қайталамайды. Керісінше, Орталық аймақ халқының нақты сұранысына назар аударудың арқасында қабылданып жатқан шараларды толықтырып, оның мән-мазмұнын арттыра түседі. Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты Орталық Азия проблемалары баршаға белгілі. Бұл түйткілдердің тиімді шешімін табу үшін өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымын белсенді түрде тарту қажет. Осы ретте Қазақстан келесі жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді", – деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России