Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

«Таза Қазақстан»: жамбылдық жастар көпбейінді балалар ауруханасының маңына экологиялық акция ұйымдастырды

0

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді жастар облыстық көпбейінді балалар ауруханасының маңына экологиялық акция ұйымдастырды. Шараға қатысушылар аурхана айналасын қоқыстардан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Бұл іс-шара – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жастардың мұндай экологиялық бастамаларға белсене қатысуы – олардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Біздің мақсатымыз – табиғатты сақтау арқылы ел болашағына өз үлесімізді қосу. Осындай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялауға деген көзқарасты өзгертеді деп сенемін,» – деді белсенді жас А. Әлиасқар.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Атап айтқанда, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында Жастар аллеясында және Қордай ауданы Қордай ауылында Жібек жолы көшесінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілсе, Жамбыл ауданы Аса ауылында Аса өзенінің бойы, Шу ауданында Шу өзенінің жағалауы қоқыстардан тазартылды.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 327 өтінім түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты.

Жалпы «Таза Қазақстан» акциясына 106 мың адам және 60 ірі кәсіпорындар мен 400 аса шағын кәсіпорындар қатысты.

Іс-шара аясында 30 тарихи-мәдени ескерткіштер, 79,2 мың тұрғын үй аулалары, 2,7 шақырым көше жолдары, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 641,1 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 6,1 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

Сообщение «Таза Қазақстан»: жамбылдық жастар көпбейінді балалар ауруханасының маңына экологиялық акция ұйымдастырды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России