Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Мафияның кегі: Амантай қажы әйел адамды не себепті итеріп жібергенін айтты

0
Әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған қоғам қайраткері, антиядролық қозғалыс белсендісі Амантай қажы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақсақалдың айтуынша, сол күні таңертең ол спорт кешеніне жаттығуға келген. Сол жерде жапа шеккен әйелмен кездескен. Қажының айтуынша, әйел оны құшақтаған, ол қолын кері тартып алған, содан кейін әйел құлап қалған.

"Ол құлайын деп, мені жанына шақырғысы келді. Мен оны әйел адамның айласы деп ойладым да, тоқтамай, жаттығуға кетіп қалдым... Оны біреулер ақшаға сатып алған", – дейді Амантай қажы.

Ол бұл оқиғадан кейін ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

"Қылмыстық іс жоқ. Бұл маған қарсы жасалған арандату... Бұл – жемқорлық, маған мафия кек қайтарып жатыр", – дейді ақсақал.

Еске салайық, шілде айында әлеуметтік желілерде әйелді баспалдақтан итеріп жіберді делінген видео тараған болатын. Видеода 83 жастағы Амантай қажы – белгілі қоғам қайраткері әрі антиядролық қозғалыс белсендісі ретінде танылған адам.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)


БАҚ деректеріне сәйкес, жапа шеккен әйел – 76 жастағы Биғайша Бектенбаева, ол спорт кешенінде медбике болып жұмыс істейді. Әйелдің айтуынша, таңертең Амантаай қажыны кіреберісте көріп сәлемдескен. Алайда ақсақал жауап орнына оны итеріп жіберіп, артына қарамастан кетіп қалған. Құлау салдарынан әйелдің жамбас сүйегі сынып ауруханаға жатқызылды.
Полиция не дейді?
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталған бап бойынша жаза:
1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы бұл 3 932 000 теңгеге дейін),немесе түзеу жұмыстары,немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России