Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Қой жүнінен тыңайтқыш өндіру — егіншілікке экологиялық серпін

0

Жамбыл облысында қой жүніне негізделген органикалық тыңайтқыш эксперименттік үлгіде өндіріліп жатыр. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім етті.

— Бүгінгі таңда қой жүнін органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану Германия, Ұлыбритания, Моңғолия сияқты елдерде дамып келеді. АҚШ-та жүнді органикалық егіншілікте қолдану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр. Қазақстанда шикізат базасының болуы мен дамыған қой шаруашылығын ескере отырып, әсіресе суармалы егіншілік және топырақтағы органикалық заттардың тапшылығы жағдайында қой жүнін органикалық тыңайтқыштар ретінде қолдану зор мүмкіндікке ие. Бүгінде қой жүніне негізделген органикалық тыңайтқыштардың аз мөлшері Жамбыл облысында эксперименттік түрде өндіріледі, — деді ведомстводан агенттік сауалына орай.

Айта кетерлігі, мемлекеттік тапсырыс бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында министрлік жыл сайын ғылыми зерттеулер жүргізуге және өндіріске, агроөнеркәсіптік кешен саласында жаңа озық технологияларды енгізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаны іске асырып жатыр.

— Мұндай ғылыми жұмыстардың басым бағыттарының қатарында әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары үшін қой жүнінен органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалануды зерттеу жоспарланған. Сонымен қатар 2028 жылдан бастап өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау тетігін енгізу көзделіп отырғанын атап өткен жөн. Бұл өз кезегінде экологиялық таза тыңайтқыштар өндірісін, оның ішінде қой жүнін өндіруді дамытуға түрткі болады, — деді Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қарашасында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тыңайтқыш өндірісіне тоқталған еді. Президент органикалық тыңайтқыш өндірісін дамыту маңызды екенін айтты. Халықаралық тәжірибе бойынша қойдың жүнін суармалы жерге тыңайтқыш ретінде тиімді пайдалануға болатынына назар аударды.

 

Сообщение Қой жүнінен тыңайтқыш өндіру — егіншілікке экологиялық серпін появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России