740 млн теңге шығын: Ақтөбе облысында заңсыз жүк көлігін тіркеген қылмыстық топ ұсталды
Тергеу мәліметінше, топ мүшелері жалған сатып алу-сату келісімшарттарын, қолдан жасалған тексеру актілерін пайдаланған және "Автопоиск" ақпараттық жүйесіне жалған деректер енгізген.
Нәтижесінде Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 77 жүк көлігі – яғни, седельный тягачтардың – бастапқы тіркеуі заңсыз жүргізілген. Бұл рәсімдер салықтық талаптарды айналып өтіп жүзеге асқан.
Алдын ала есеп бойынша, тіркеу алымдарының төленбеуінен мемлекетке келтірілген залал 740 миллион теңгеден асқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)
Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
