Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап ажырасу ережелері өзгереді

0

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда неке бұзу ережелері өзгереді. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске түзетулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түзетулер "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң аясында қабылданған.
Атап айтқанда, Кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақша қосылды:

"Егер ерлі-зайыптылардың бірі қылмыстық қудалау органы шығарған және сот санкциялаған халықаралық іздеуге жариялау туралы қаулы күнінен бастап үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса, неке бұзылады", – делінген құжатта.

Ұқсас толықтырулар некені сот тәртібімен бұзу тәртібін реттейтін 238 және 241-баптарға да енгізілді.
Бұл дегеніміз, егер жұбайы ұзақ уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде жүрсе, екінші тарап сотқа жүгініп, оның қатысуынсыз ажыраса алады.
Заңгер түсіндірмесі
Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Ринат Шарлез Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында, бұл жаңашылдық некені біржақты бұзудың қолданыстағы негіздер тізімін толықтыратынын, бірақ іс жүзінде сирек қолданылатынын айтты.

"Шын мәнінде, тек бір негіз қосылды. Бұған дейін жұбайдың әрекетке қабілетсіз деп танылуы, хабарсыз кетуі немесе сотталғаны жағдайлары қарастырылған еді. Енді, егер жұбайы халықаралық іздеуде үш жылдан артық болса – неке де бұзыла алады", – деді ол.

Заңгердің айтуынша, бұл үшін сот арқылы расталған халықаралық іздеу фактісі және қылмыстық қудалау органының қаулысы қажет. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.

"Бұл норма, шамасы, өте шектеулі түрде қолданылады. Бүкіл тәжірибемде тек бір жағдай болды: әйелінің жұбайы халықаралық іздеуде болған. Бірақ тіпті сол кезде ажырасу мәселесі көтерілмеді – ол күйеуінің шетелде болуына байланысты еш қиындықсыз ажырасты. Жалпы, Бас прокуратура деректеріне сүйенсек, мұндай адамдар санаулы ғана. Сондықтан бұл жаппай құбылыс емес, әрі, шынын айтқанда, бұл түзету азаматтардың өміріне елеулі әсер ететін механизмнен гөрі, құқықтық факт ретінде қызықты", – деп қосты адвокат.

Шарлездің айтуынша, бұл жаңашылдық іс жүзінде ешқандай қиындық туғызбайды, себебі ол тек ұзақ уақыт халықаралық іздеуде жүрген жұбайларға қатысты.
Бұған дейін Жоғарғы сот ажырасқаннан кейінгі ортақ мүлікті бөлу ережелерін қайта қараған болатын. Енді үш жылдық талап қою мерзімі некені бұзу күнінен емес, жасырылған мүлік туралы белгілі болған сәттен бастап есептеледі. Мұның мәнін заңгер Данияр Байгабатов түсіндірген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России