Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды

0
Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін энергетика министрінің қатысуымен капсула салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салтанатты шара барысында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйледі.


"Жобаны іске асыру Қазақстанға жаңа буын жоғары білікті мамандарын даярлауға, ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға, сондай-ақ білім беру мен технологиялық серпіліске жағдай жасауға мүмкіндік береді. АЭС – стратегиялық жоба, ол атом өнеркәсібінің, өңірлік инфрақұрылымның, индустриялық-инновациялық дамудың және ұзақ мерзімді экономикалық өсудің басты қозғаушысына айналады", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ ол жобаның ауқымды қоғамдық қолдауға ие екенін атап өтті.

"Өткен жылы өткен республикалық референдумда ел халқының 70 пайыздан астамы бұл бастаманы қолдады. Әсіресе Үлкен ауылының мысалы ерекше: тұрғындардың 97 пайызы дауыс беруге қатысып, шамамен 90 пайызы "иә" деп жауап берді. Бұл жобаның мықты қоғамдық мандат алғанын көрсетеді", – деді агенттік басшысы.

Салтанатты жиында "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв та сөз сөйледі.


"Біз алаңға шығып, қуатты әрі заманауи атом электр станциясын салу бойынша шабыттандыратын жобаны іс жүзінде бастауға кірістік. Қазақстан атом саласында зор тәжірибеге ие және әлемдік атом элитасына кіретін ел – бұл тек уран қорының 40 пайызы осында өндірілетіндіктен ғана емес. 1940-жылдардың соңынан бастап біздің халықтар атом ғылымы мен технологиясы саласында ынтымақтасып келеді. Дәл Қазақстанда алғашқы өнеркәсіптік реактор құрылған болатын", – деп атап өтті "Росатом" басшысы.

Айта кетейік, құрылыс алаңында бұрғылау қондырғылары алғашқы топырақ үлгілерін алады. Бұл үлгілері бар капсула зерттеу үшін ресейлік тарапқа беріледі.

Рәсімге шенеуніктер, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ АЭС салынатын Үлкен ауылының тұрғындары қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России