Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланған қазақстандықтарға айыппұл салынады

0

Қазақстанда өзгенің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланғаны үшін жаза қолданыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заң бойынша, Қазақстанда ЭЦҚ иесінің қолымен қойылған қолтаңбасына тең. 2016 жылдан бері елде ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз беру үшін айыппұл салу қарастырылған (40 мыңнан 590 мың теңгеге дейін). 2025 жылғы наурыздан бастап өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізілді.

Өзгенің ЭЦҚ жабық кілтін пайдаланғаны үшін келесі айыппұлдар белгіленген:
• жеке тұлғаларға – 50 АЕК (2025 жылы 196 600 теңге);
• лауазымды тұлғаларға, шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (393 200 теңге);
• орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге);
• ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге).

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер есептілікті, шарттарды және өзге электрондық құжаттарды дұрыс ресімдеп, қол қоюы, сондай-ақ ЭЦҚ-ны авторизация кезінде, жеке деректерге қол жеткізгенде және басқа да әрекеттерде пайдалануы қажет.

"2025 жылғы 13 наурыздан бастап өзге адамның ЭЦҚ жабық кілтін пайдаланғаны үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бір жеке тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғады", – делінген министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

2024 жылы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңды бұзғаны үшін 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жылдың басынан бері – 5 лауазымды тұлға және 2 жеке тұлға. Нақты қандай нормаларды бұзғаны министрлікте айтылған жоқ.
Айта кететіні, өзгенің ЭЦҚ-сын иесінің рұқсатымен де пайдалануға болмайды. Бұл үшін де жауапкершілік көзделген. Мұның барлығы өзге адамның қолтаңбасын алаяқтардың пайдалану жағдайларын азайту үшін жасалып отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба алу тәртібі жеңілдетілді. Қызмет толықтай онлайн форматқа көшірілді, өйткені азаматтардың басым бөлігі ЭЦҚ-ны осылай рәсімдейді.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ қазақстандықтар ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өте алады. Пайдаланушы орнында сәтті сәйкестендіруден өтсе, кілттер онлайн түрде ХҚКО операторының қатысуынсыз беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России