Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Алматыдағы заңсыз көмілген жыра: Билік депутаттың сынына жауап берді

0

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігі Қарғалы шағын ауданындағы таулы аймақта орналасқан үлкен жыраның көмілуіне қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Наурызбай ауданындағы таулы аймақта орналасқан үлкен жыраның заңсыз көмілуі жайлы айтып, экологиялық мәселенің ауқымын видеода көрсеткен еді. Депутат мемлекеттік органдар мен полицияның бірнеше жыл бойы әрекетсіз отырғанына наразы болды.
Әкімдіктің жауабы
Редакция тілшілері Наурызбай ауданы әкімдігіне ресми түсініктеме сұрап, сауал жолдады.
Әкімдік мәліметінше, полиция қызметкерлері мен жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері аталған аумақта рейд жүргізіп, белгісіз тұлғалардың топырақ пен құрылыс қалдықтарын төгіп, жыраны инертті материал үйіндісіне айналдырғанын анықтаған.

"Рейд қорытындысы бойынша жүк көліктерінің жүргізушілері мен жер иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, елді мекендердің жасыл екпелерін жою және зақымдау") бойынша 15 хаттама, ал 601-бап ("Жол белгілері немесе жүріс бөлігі таңбалары талаптарын сақтамау”) бойынша 38 хаттама толтырылды", – делінген әкімдік хабарламасында.Жалпы айыппұл сомасы 1,3 млн теңгені құрады.

Әкімдік өкілдері учаске иесіне стихиялық төгілудің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажеттігі бірнеше рет ескертілгенін және оған қатысты тексеріс басталғанын қосты.
Айта кетсек, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек жекеменшік иесі жыраны коттедждер, таунхаустар және көпқабатты үйлер салу үшін көміп жатқанын айтқан. Алайда әкімдіктің жауабына сәйкес, бұл жер телімі тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жеке меншікке берілген және нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат берілмеген.

"Алматы қаласы бойынша Экология департаменті қаланың экологиясы мен қоршаған ортаға келтірілген залал көлемін анықтау үшін тексеріс жүргізуді бастайды", – деді әкімдік.

Тексеріс барысында табиғатты қорғау заңнамасының бұзылғаны дәлелденсе, кінәлілерге әкімшілік жауапкершілік жүктеледі, залалды өтеу және зардаптарды жою міндеттеледі.
Бұл шаралардың тиімді болатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Базарбектің айтуынша, тіпті сот жер иесін барлық қалдықты шығаруға міндеттесе де, оны жүзеге асыруға жылдар қажет, ал таулы аймақтың ландшафты қазірдің өзінде жойылған.
Еске салайық, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, қаланың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен нүктелік құрылысқа мораторий енгізуді тапсырған.
Кейін Алматы әкімдігі бұл тыйым Талғар трактісінің, Шығыс айналма автожолының, Әл-Фараби даңғылының, Саин және Жандосов көшелерінің оңтүстігіндегі аумақтарға қатысты екенін түсіндірд
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России