Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Жүрісінен таныды: қазақстандық қонақүйдегі қанды оқиға үшін 18 жылға сотталды

0

Талдықорғанда жергілікті қонақүй әкімшісін аса қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақсу ауданы Матай ауылының 23 жастағы тұрғынын 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот дерегінше, биыл 23 мамырда сотталушы Талдықорғанға келіп, жергілікті қонақүйден бөлме жалдаған. Бір тәуліктен соң ол 43 жастағы әйел әкімшінің беті мен денесіне бірнеше соққы жасап, кейін кіреберістегі өрт сөндіргішпен 4–5 рет басынан ұрған. Одан соң темір қайшымен бірнеше рет жарақат салған.
Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Тергеу мәліметінше, айыпты қылмыстан кейін әкімші мен қонақүй иесіне тиесілі ұялы телефондарды ұрлап, ізін жасыру үшін тіркеу орнына от қойған.
35 адам эвакуацияланды, мәйіт табылды
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, ғимараттан 35 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Өрт сөндірілген соң, зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Күдікті бірнеше сағат ішінде қолға түскен.

"Бейнебақылау камераларын қарау барысында қылмыскердің маска кигені анықталды. Бейнематериалдарды мұқият зерттегенде оның ерекше жүрісі назар аудартты. Сол арқылы кім екенін анықтадық – ол бұған дейін де жауапқа тартылған 23 жастағы Ақсу ауданының тұрғыны болып шықты. Оны жедел уәкілдер Талдықорғанның орталығында қолға түсірді. Үстінен ұрланған заттар табылды. Күдікті бірден полицияға жеткізіліп, қамауға алынды", – деді Жетісу облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Дәурен Сәкенов.

Айыптау және үкім
Айыпталушыға ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша – кісі өлтіру, ұрлық және мүлікті қасақана жою – айып тағылды.

"Айыпталушының кінәсі оның мойындауынан бөлек, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де дәлелдермен расталды. Бұл – аса ауыр қылмыс санатына жататын іс, сондықтан тек бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот үкімі бойынша ол 18 жылға сотталды. Сонымен қатар, жәбірленушілер пайдасына 18 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық шығын өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России