Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Бестеректегі қайғылы оқиға: зардап шеккен қыздың миына күрделі ота жасалады

0

Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеп-қараулардың барлық кешенін жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасаған.

"Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты. Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған", - дедінген хабарламада.

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетіні айтылды.

"Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасалып жатыр, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды".

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.
Не болған?
19 тамыз, сейсенбіде Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің қақпасы маңында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен. Екі бала оқиға орнында, тағы бірі медициналық мекемеге барар жолда қаза тапты. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Үржар ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама кезінде оның мас болмағаны анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России