Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Ақтөбеде әйел күйеуі ұрып-соққаннан кейін қайтыс болған

0

Ақтөбе №2 соты абайсызда әйелінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұрғынды кінәлі деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот ер адамның әйелінің басынан бірнеше рет ұрғанын, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлағанын анықтады. Әйел төсектен тұрмаған және үйден шығуды қойған.

"Алғаш рет жедел жәрдем шақырылғанда дәрігерлер ауруханаға жатқызуды ұсынғанмен, жәбірленуші одан бас тартқан. Екінші рет жәдел жәрдем шақырған кезде ол ауруханаға жеткізілген, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында сотталушының содан бір ай бұрын әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені расталды. Үйде оның бетінен үш рет ұрған, ал жәбірленуші өзін қорғамақ болғанда тағы екі рет ұрған.
Әйел соққыдан құлаған, бірақ ол кезде ауруханаға бармаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге бас миының травматикалық ісінуіне қан кетумен жабық бас сүйек-ми жарақаты әкеліп соқтырған.

"Сарапшылар ауыр зардаптың өлімнен бір күн бұрын болғанын және оған жеткілікті күшпен бір соққының әсерінен болуы мүмкін екенін анықтады. Жарақаттардың құлауынан немесе жәбірленушінің өзі болуы мүмкін емес. Оның қанынан алкоголь мен есірткінің іздері табылмады".

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот іс материалдарын, сарапшылардың қорытындыларын және сарапшылардың айғақтарын зерделей келе, ер адамның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен саралаған. Жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар табылған жоқ.

"Сот сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысында анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларын қолдануды талап етіп, жеке қаулы шығарды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России