Қаңтар оқиғасы: Қазақстанда ұрланған қару-жарақ әлі де табылып жатыр
ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, соның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркілеу бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.
"12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500-ден аса оқ-дәрі тәркіленді. Бұл деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
