Алматыда әл-Фараби даңғылы жарыстарға байланысты жабылады
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы 24 тамызда Gran Fondo World Championship спорттық жарысы өтеді. Сондықтан 24 тамызда сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі учаскеде шектеледі.Қала тұрғындарына мынадай балама маршруттар ұсынылды:
Достық даңғылы;
Назарбаев даңғылы;
Сейфуллин даңғылы;
Жароков көшесі;
Розыбакиев көшесі;
Дулати көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін;Мұстафин көшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
