Ауыз су тапшылығы
Қазақстан су ресурстары тапшы елдер қатарына жатады. Қазақстанның географиялық жағдайы табиғи су қорларының аздығын көрсетеді, ал негізгі су көздері көбіне шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Дегенмен, қолжетімді су ресурстары әлі де бейберекет және үнемсіз пайдаланылады. БҰҰ деректеріне сәйкес, бүгінде әлемде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сарапшылардың пікірінше, елдің экологиялық жағдайы мен халықтың әлеуметтік әл-ауқаты суды тиімді пайдалану деңгейімен тығыз байланысты.
Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, Қазақстан – су тұтыну көлемі ең жоғары мемлекеттердің бірі. Worldometers дерегінше, елімізде жан басына шаққандағы тәуліктік су тұтыну шамамен 3,5 мың литрді құрайды. Бұл Ресейдегі көрсеткіштен үш есе көп (1,3...
