Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Баланы мектепке дайындау: мемлекеттен қалай көмек алуға болады?

0

Жаңа оқу жылы қарсаңында бала тәрбиелеп отырған, қолдауға мұқтаж қазақстандық отбасылар материалдық көмекке жүгіне алады. Оқу-ағарту министрлігі кімдердің төлем алуға құқығы барын, қандай құжаттар қажет болатынын және оны қаншалықты тез алуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Education.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жаңа оқу жылы қарсаңында қолдауға мұқтаж барлық балаға дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырған болатын. Үкімет басшысы биыл бұл мақсаттарға 23 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін, бұл шамамен 500 мыңнан аса баланы қамтуға мүмкіндік беретінін айтқан.
Кімдер материалдық көмек алды?
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 430 мыңнан астам балаға көмек көрсетілгенін - бұл шамамен 87 пайызы екенін хабарлаған.
Ведомство мәліметінше, көмек жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қамтиды.
Министрлік мәліметінше, бүгінде Астана мен Шымкентте қаражат толық көлемде төленген: 100 пайыз отбасы көмек алған.

"Өңірлер ата-аналардың есепшотына қаражатты белсенді түрде аударып жатыр. Көмек алушылар сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді рәсімдеу үшін өтініш беру жеткілікті", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Төлем мөлшері мәслихат шешімі негізінде өңірлік бюджетке сәйкес айқындалады, бірақ бір балаға 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.
Төлемді қалай рәсімдеуге болады?
Tengrinews.kz тілшісіне Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің түсіндіруі бойынша, қаржылай және материалдық көмек мемлекеттік қызметтер туралы заң және министрдің бұйрығымен реттеледі.

"Қызмет өтініш беру сипатында. Яғни ата-ана қағаз түрінде өтінішпен мектеп ұйымына жүгіне алады", - деп хабарлады комитетте.

Сондай-ақ, өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліс 13:00-14:00 аралығын қоспағанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданатыны, демалыс және мереке күндерінен басқа уақыттарда өтініш беруге болатыны нақтыланды.

"Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өтінішті бір күн ішінде қарауды көздейді", - деп толықтырды Комитет.

Қажетті құжаттар
Материалдық көмек алу үшін қажет:

қағаз түрінде өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық түрде немесе оның қағаз көшірмесі - егер "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер жоқ болса немесе бала Қазақстаннан тыс жерде туған жағдайда;
неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ жүйесінде мәлімет болмаған жағдайда);
егер ата-ана қамқоршы болса, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу, патронаттық тәрбиеге беру немесе қабылдаушы отбасына беру туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмесі;
егер ТЖ жағдайы болса, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай әкелген апаттардың, зілзалалардың себептерін тексеру актісі;
отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы қорытынды, оның негізінде білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі тұлғалар санатын айқындайды.

Сондай-ақ, алушылардың бір санатқа жататындығын растау қажет.

"Егер сөз төтенше жағдайлар немесе қамқоршылық кеңесінің шешімі туралы болса, мәселені тікелей қамқоршылық кеңесі қарайды. ТЖ жағдайында қаулы ұсынылады, мысалы, егер үй өртенсе немесе басқа да ауыр қайғылы жағдай болса", - деп толықтырды комитет өкілдері.

Қалған санаттар "Е-халық" жүйесі мен ұлттық білім беру деректер базасының интеграциясы арқылы автоматты түрде тексеріледі.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России