Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Тоқаев денсаулық сақтау министріне бірқатар тапсырма берді

0

Президент денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, былтыр елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткен. Бұл - әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, "Қолжетімді емхана" тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берілді.

"Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада 19 пайызға, ауылдарда 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды", - деді министр.

Президентке медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берілді. Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады.
Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.
Мемлекет басшысы "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ, азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России