Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Түркістан облысында 90 орындық “Шұғыла“ оңалту орталығы ашылды

0
Сауран ауданы, Оранғай ауылында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 90 орындық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін "Шұғыла" оңалту орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтап, бұл игі бастаманы қолдады.
"Шұғыла" оңалту орталығында 3-18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар ем қабылдайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Жобаның жалпы құны - 3 121,7 млн теңге. Мұнда 90 балаға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілмек. Оның 60-ы стационарлық, 30-ы жартылай стационарлық негізде. Орталық 8 бағыт бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, мәдени, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетеді.


"Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы маңызды мереке қарсаңында облыста бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында: "Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз", деген болатын. "Шұғыла" орталығы – осы нақты ниеттердің айқын көрінісі болары анық. Бұл – жай ғимарат қана емес, бұл – балалардың болашағына деген үміт, ата-аналарға сенім, қоғамдағы мейірім және тең мүмкіндік мекені. Дәл осындай Орталықтар жыл соңына дейін облысымыздың екі қаласында ашылады. Сондықтан әр баланың арманына қанат бітіріп, өміріне жарық сыйлау – біздің басты міндетіміз. Құрметті ата-аналар, "Шұғыла" орталығы сіздерге сенімді тірек болады деп сенемін", – деді Нұралхан Көшеров.

Жаңа орталыққа облыс әкімінің атынан музыкалық аспап (пианино) сыйға тартылды. Орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда көпфункционалды үстелдер, прессотерапия, қысқа толқынды терапия аппараттары, массаж және физиотерапия кабинеттері, сондай-ақ монтессори, сенсорлық және психомоторика бөлмелері түрлі дидактикалық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар сыртқы алаңдарда кіші футбол, воркаут, жазғы сахна, ал ішкі кеңістікте спорт және акт залдары қарастырылған. Мүгедектігі бар 1-10 сынып оқушыларына арналған оқу кабинеттері де заманауи жиһазбен жабдықталған.

Дәл осындай орталықтар жыл соңына дейін тағы екі қалада ашылады. Сарыағаш және Түркістан қалаларындағы 100 орындық "Аутизм орталықтары" балалар үшін қызмет жасайтын болады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 101 405 мүгедектігі бар азамат есепте тұр. Оның 15 мыңы – балалар мен жасөспірімдер. Олардың ішінде 6 736 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России